Оқу орнының тарихы 1999 жылы ЖМ «Экономикалық-құқықтық колледж» мекемесінің ашылуымен басталды. 2009 жылы құрылтайшылар ЖМ «Экономикалық-құқықтық колледж» мекемесінің атауын «Қазіргі заманғы көпсалалы колледж" деп өзгерту туралы шешім қабылданып, тіркеу № 7939-1930-У-е 2009 жылғы 18 наурыз; сериясы №0413027.
Оқыту негізгі орта және жалпы орта білім беру базасында күндізгі және сырттай оқу нысаны бойынша жүргізіледі, оқыту тілдері – мемлекеттік, орыс тілдері.
Колледж оқытушыларының тиісті білімі, біліктілік санаттары бар, курстарда, семинарларда, мастер-класстарда өз құзыреттіліктерін жүйелі түрде жетілдіріп отырады. Педагогикалық құрамның базалық білімі жалпы білім беретін, гуманитарлық, жалпы бейіндік, арнайы пәндер бойынша кәсіптік даярлық мазмұнына, сондай-ақ оқу орнының мақсаттарына, міндеттері мен бағыттарына қойылатын талаптарға сәйкес келеді.
Колледжде студенттерді оқыту және тәрбиелеу процесін ұйымдастыру үшін қолданылатын заманауи материалдық-техникалық база бар. Колледжде жатақхана, асхана, спорт залы, акт залы бар. Жалпы білім беретін пәндер бойынша кабинеттер, мамандықтар бойынша кабинеттер,жастар кабинеті, Coworking кабинеті бар.
Оқытушылар, студенттер қалалық, облыстық деңгейдегі түрлі сайыстарға, фестивальдар мен турнирлерге қатысады. Сондай-ақ, педагогтар мен білім алушылар Қарағанды облысы колледждерінің спартакиадасына қатысады.
Қазіргі уақытта 20.04.2009 жылғы №0039668 мемлекеттік лицензияға сәйкес колледжде мамандар даярлау 8 мамандық бойынша жүзеге асырылады.
№ |
Шифр |
Мамандығы |
Шифр |
Біліктілігі |
1 |
01120100 |
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту |
4S01120102 |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешісі |
2 |
04210100 |
Құқықтану |
4S04210101 |
Заңгер |
3 |
03220200 |
Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және мұрағаттану |
4S03220202 4S03220203 |
Іс қағаз жүргізуші Мұрағатшы |
4 |
04110100 |
Есеп және аудит |
4S04110102 |
Бухгалтер |
5 |
07110500 |
Мұнай мен газды өңдеу технологиясы |
4S07110502 |
Техник-технолог |
6 |
07161300 |
Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету,жөндеу және пайдалану |
4S07161304 |
Техник-механик |
7 |
06130100 |
Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) |
4S060130103 |
Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушы |
8 |
07320100 |
Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану |
4S07320106 |
Техник-құрылысшы |
Оқуға түсуге керекті құжаттар тізімі:
Оқуға қабылдау туралы өтініш, жеке куәліктің көшірмесі, білімі туралы құжаттың түпнұсқасы, флюорография қосымшасы бар № 075-У нысанындағы медициналық анықтама, 3х4 көлеміндегі 4 фотосурет.
Байланыстар:
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Қарағанды обл.Лободы көшесі 40/1.
Факс/тел: 8(7212) 56 10 05, 8 776 556 10 05
Сайт:smk-college.kz
Толығырақ