«Kind heart»
еріктілер клубы
Құрылды: 2019 - 2020 оқу жылы
Жетекшісі: Шаймұрат Айнұр Оразқызы
Үйлестіруші: Наурызбай Дильназ, ОДВ-18к-9 топ студенті
Еріктілер саны: 25 студент
Еріктілер клубы мүшелерінің қызметі:
- рухани-адамгершілік (жеке адам ретінде физикалық, психикалық, рухани, әлеуметтік және шығармашылық тұрғыда үйлесімді дамуына мүмкіндік беретін, жетім балалардың өзін-өзі тану, өзін-өзі тәрбиелеу және әлеуметтену азаматтық ұстанымын қалыптастыруға жағдайлар жасау);
- әлеуметтік-педагогикалық (мүгедек баласы бар, девиантты мінез-құлықты баласы бар отбасындағы бала рөліне қатысты оның толыққанды өмір сүруіне бағытталып ұйымдастырылған іс-шара)
- идеологиялық-тәрбиелік (қоғамдық ортада балаларды әлеуметтендіру және азаматтық-құқықтық сауаттылығын бекіту, түрлі партриотты-азаматтық бағыттағы акцияларға және шараларға қатысу)
- мәдени-ағартушылық(қоғамдық тәжірибеде қалыптасқан әлеуметтік нормаларын, саяси-мәдени дәстүр құндылықтарын реттейтін еріктілердің әлеуметтік-мәдени іс-әрекеттерін ұйымдастыру).
- саяси-әлеуметтік (әлеуметтік қызмет көрсететін мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарымен бірігіп, әлеуметтік жетім және жайсыз отбасын мемлекеттік қолдау және бала құқығын қорғаумен қамтамасыз ету жұмыс тәжірибесін тарату);
- жарнамалық-насихаттаушылық (еріктілер қозғалысының әлеуметтік маңызды идеяларын қолдау, дамыту әлеуметтік жарнамаларын ұйымдастыру, қоғамға қызмет ету әлеуметтік жауапкершілігін бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау.)
- аниматорлық(балалар үйі, сауықтыру-бейімдеу орталықтары мен демалыс лагерлерінде балалардың мәдени-бос уақытын ұйымдастыру және шығармашылық әлеуетін қолдау);